Тәуекелге негізделген тәсілді және резервуардың түбін кеңейтілген сканерлеуді пайдалана отырып, жер үсті сақтау цистерналары үшін қайта тексеру аралықтарын оңтайландыру
- Авторлар: Дюсенова Z., Мирзоев А.
- Бөлім: Original studies
- URL: https://vestnik-ngo.kz/2707-4226/article/view/108863
- DOI: https://doi.org/10.54859/kjogi108863
- ID: 108863
Дәйексөз келтіру
Толық мәтін
Аннотация
АННОТАЦИЯ
Негіздеу. Жер үсті сақтау резервуарлары мұнай-газ саласындағы аса маңызды активтер болып табылады. Олардың құрылымдық тұтастығын сақтау — өндірістік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және экономикалық тиімділік үшін шешуші фактор. Қазақстанда тиімділігі төмен және икемсіз уақытқа негізделген дәстүрлі тексеру әдістері әлі де кең таралған. Тәуекелге негізделген тексеру (RBI) әдісін заманауи бұзусыз бақылау технологияларымен, әсіресе ROSEN TBIT Ultra жүйесімен біріктіру — тексеру аралықтарын оңтайландыру және активтерді басқаруды жақсарту үшін тиімді балама бола алады. Бұл, әсіресе, COVID-19 пандемиясы кезінде күшейген нормативтік шектеулер мен экономикалық қысым жағдайында маңызды.
Мақсаты. Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жер үсті сақтау резервуарлары үшін қайта тексеру аралықтарын RBI әдістері мен ROSEN TBIT Ultra сияқты алдыңғы қатарлы бұзусыз бақылау технологияларын біріктіру арқылы оңтайландыру және дәстүрлі тексеру әдістерімен салыстыру.
Материалдар мен әдістер. API RP 580 және 581 стандарттарына сәйкес келетін RBI әдістемесі, сондай-ақ нақты X резервуарына қатысты өндірістік деректер қолданылды.
Нәтижелері. RBI мен алдыңғы қатарлы бұзусыз бақылау әдістерін біріктіру жоғары тәуекелді резервуарларды анықтауға, жергілікті коррозия механизмдерін табуға және тексеру аралықтарын оңтайландыруға мүмкіндік берді. Дәстүрлі тексерукестесімен салыстырғанда ұсынылған әдіс тексеру тиімділігін арттырып, ресурстардың босқа шығындалуын азайтты және апаттық жағдайлардың алдын алуға жол ашты. Сонымен қатар, бұл тәсіл халықаралық стандарттар мен жергілікті заң талаптарына сай келеді.
Корытынды. ROSEN TBIT Ultra секілді технологиялармен қолдау тапқан RBI әдістерін енгізу Қазақстанның мұнай-газ саласына тұрақты кестеге негізделген тексеруден болжамды, тәуекелге бағытталған жүйеге көшуге мүмкіндік береді. Бұл активтердің тұтастығын тиімді басқаруға, қауіпсіздікті арттыруға және әсіресе ескі сақтау жүйелерінің ұзақ мерзімді сенімділігіне қол жеткізуге септігін тигізеді.
Авторлар туралы
Zhanna Дюсенова
Хат алмасуға жауапты Автор.
Email: jannadyussenova0@gmail.com
ORCID iD: 0009-0004-7703-5145
Абдугаффор Мирзоев
Email: gmirzoev@rosen-group.com
Әдебиет тізімі
- Oil production in the top fifteen countries in barrels per day. – URL: https://www.statista.com/statistics/237115/oil-production-in-the-top-fifteen-countries-in-barrels-per-day/
- Rules for the operation of technological aboveground storage tanks. – URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023068
- API RP 580: Risk-Based Inspection. – URL: https://inspectioneering.com/tag/api+rp+580#tabArticles
- API RP 581: Risk-Based Inspection Technology. – URL: https://inspectioneering.com/tag/api+rp+581
- Resolution of the Government of the Republic of Kazakhstan No. 717 of December 30, 2011. – URL: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1100007177
- Risk-Based Inspection Implementation for Aboveground Storage Tanks // OnePetro / Kuwait Oil Company. – URL: https://onepetro.org/IPTCONF/proceedings-abstract/11IPTC/All-11IPTC/IPTC-14434-MS/152650
- OECD. Risk Governance Scan of Kazakhstan. – URL: https://www.oecd.org/en/publications/risk-governance-scan-of-kazakhstan_cb82cae9-en.html
- Risk-Based Inspection (RBI) Overview // HGH. – URL: https://hghouston.com/risk-based-inspection
- NIMA Integrity Management Platform // Rosen Group. – URL: https://www.rosen-group.com/en/expertise/product-and-service-finder/nima
- External and Internal Corrosion of Tank Bottoms: Detection and Mitigation // OnePetro / NACE. – URL: https://onepetro.org/NACECORR/proceedings/CORR00/All-CORR00/NACE-00690/111761?searchresult=1
- National Standard of the Republic of Kazakhstan ST RK 1661-2007: Operation of Technological Aboveground Storage Tanks. – URL: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=39684964&pos=5;-108#pos=5;-108
- Risk-Based Inspection Application in Industry // PetroSync. – URL: https://www.petrosync.com/blog/risk-based-inspection-application-in-industry/
Қосымша файлдар

