Том 5, № 3 (2023)

Мұқаба

Бүкіл шығарылым

Геология и геофизика

Әртүрлі тау жынысының деректері негізінде машиналық оқу алгоритмдерінің тиімділігін зерттеу

Assilbekov B., Kalzhanov N., Bolysbek D., Uzbekaliyev K., Bekbau B., Kuljabekov A.

Аннотация

Негіздеу. Абсолютті өткізгіштік мұнай және газ кен орындарын игеруде, сақтау мақсатында СО2 қабаттарға айдауда, жер асты суы қабаттарын ластаушы заттардың миграциясын бақылауда кеуекті орталардағы сұйықтардың ағысын және каталитикалық жүйелерді модельдеуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан оның мәндерін дәл және тез анықтау маңызды мәселе болып табылады.

Мақсаты. Бұл мақаланың мақсаты – карбонат үлгілерінің абсолютті өткізгіштігін болжау үшін машиналық оқыту әдістерін қолдану мүмкіндігін, сондай-ақ өткізгіштікті болжауды жақсарту жолдарын зерттеу.

Материалдар мен әдістер. Кіріс деректері ретінде, толығымен дерлік кальциттен тұратын төрт цилиндрлік карбонат үлгілерден алынған 408 шағын-көлемдер қолданылды. Кіріс деректері жалпы және байланысқан кеуектілікті, беттің меншікті ауданын, барлық және тек байланысқан кеуектердің радиустарын, координация санын, кеуек мойнының радиусы мен ұзындығын, бұралуды және абсолютті өткізгіштікті қамтиды. Өткізгіштікті болжау кездейсоқ орман, өте кездейсоқ ағаштар және модификацияланған градиентті күшейту сияқты регрессиялық машиналық оқыту әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Шағын көлемдердің параметрлері (деректері) арнаулы Avizo бағдарламалық пакетін пайдалана отырып, олардың кеуекті кеңістігіндегі су ағысын кеуек-масштабта модельдеу арқылы анықталды.

Нәтижелері. Сызатты және сызатсыз үлгілерден алынған шағын-көлемдердің деректері талданды және талдаулар шағын-көлемдердің көптеген параметрлері арасында жақсы байланыс бар екенін көрсетті. Мысалы, байланысқан және жалпы кеуектілік жоғары корреляция коэффициентімен екінші дәрежелі полиномдық байланысқа ие. Жоғарыда аталған регрессиялық машиналық оқытудың әдістерін қолдана отырып, кіріс деректерін оқыту және тестілеу деректеріне 80/20 және 70/30 қатынасында бөлу кезінде абсолютті өткізгіштік мәндері болжанды.

Қорытынды. Өткізгіштіктің орнына оның логарифмін қолдану, сонымен қатар сызатты және сызатсыз үлгілерді бөлек қарастыру арқылы, жоғарыда аталған машиналық оқыту әдістерін пайдалана отырып, абсолютті өткізгіштікті болжаудың дәлдігін 90%-ға дейін арттыруға болады. Өте кездейсоқ ағаштар әдісі біздің есеп үшін қарастырылған машиналық оқытудың үш әдісінің ішінде ең дәлі болып табылды.

Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2023;5(3):5-19
pages 5-19 views

Oil and gas field development and exploitation

Машиналық оқыту көмегімен жаңа ұңғымалардың сулануын болжау

Ibrayev A., Kamaridenova G., Baluanov B., Yelemessov A.

Аннотация

Негіздеу. Жаңа ұңғымаларды бұрғылау ең тиімді геологиялық-техникалық шаралардың біріне жатады. Қорлардың жоғары өндірілуімен және сулануымен сипатталатын жетілген кен орындарында бұрғылау үшін жобалау нүктелерін таңдау қиын міндет болып табылады. Жаңа ұңғымалардың көрсеткіштерін болжау геологиялық-гидродинамикалық модельдерді немесе аналитикалық әдістерді қолдану арқылы мүмкін болады. Бұл жұмыста авторлар геологиялық және кәсіптік деректердің кең жиынтығы негізінде жаңа ұңғымалардың іске қосу параметрлерін болжау үшін машиналық оқыту алгоритмдерін қолдануды ұсынды.

Мақсаты. Мақалада машиналық оқыту алгоритмдерін жасау процесі сипатталған және күрделі модельдің өнімділік көрсеткіштері көрсетілген. Осы жұмыстың бір бөлігі ретінде әлеуетті үміткерлердің іске қосу сулануын болжау үшін машиналық оқыту алгоритмдерін тестілеу жүргізілді.

Материалдар мен әдістер. Бұл жұмыс аясында геологиялық-техникалық кәсіптік деректерге әртүрлі машиналық оқыту әдістері қолданылды.

Нәтижелері. Әзірленген интеграцияланған модель топтастыру және регрессия көрсеткіштеріне негізделген конвергенцияның қолайлы нәтижелерін көрсетті, бұл оның жобалық ұңғымаларды іске қосу сулануының болжау үшін қолдану мүмкіндігін көрсетеді.

Қорытынды. Көрсеткіштерді болжаудың бұл әдісі геологиялық-гидродинамикалық модельдің немесе жаңа ұңғымалардың іске қосу сулануының геологиялық көрсеткіштеріне эмпирикалық тәуелділіктерінің көмегімен есептелген болжамды көрсеткіштерді нақтылауға және толықтыруға мүмкіндік беретін жаңа ұңғымалардың іске қосу сулануын болжаудың балама құралы болып табылады.

Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2023;5(3):20-34
pages 20-34 views

Әлібекмола кен орнында ағынды бұру технологияларын қолдану перспективалары

Musharova D.

Аннотация

Негіздеу. Өткізгіштігі төмен қабаттардан мұнай өндіру процесі белгілі бір ерекшеліктерге ие және бірқатар мәселелермен байланысты. Басты мәселе – өтімділігі төмен аймақтардағы мұнай қорын белсенді игеруге қатысудың жоқтығы. Өткізгіштіктігі төмен карбонатты қабаттарды игеруге арналған жобалық құжаттардың көпшілігінде дәстүрлі су айдау ұсынылады, бұл айдау ұңғымасынан өндіру ұңғымасына өткізгіштігі жоғары қабаттар немесе жарықтар арқылы судың серпілісіне байланысты пайдалану ұңғымаларын жылдам суландыруға әкеледі.

Мақсаты. Карбонатты кен орындарының су өткізгіштігі төмен қабаттары жағдайында кен орындарын игерудің соңғы кезеңде экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа технологиялар мен игеру әдістерін іздеу қажеттілігі туындайды. Әлібекмола кен орны үшін ағынды су өткізбейтін тиімді технологияларды іздеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.

Материалдар мен тәсілдер. Сулану деңгейін төмендетуге және өткізгіштігі төмен жарықшақты коллекторлардың белсенді емес матрицалық аймағын игеруге тартуға ықпал ететін перспективалы технологиялардың бірі сүзу ағындарын қайта бөлу есебінен өнімді қабаттарды қамту коэффициентін ұлғайтуға, сулануды төмендетуге немесе тұрақтандыруға, ілеспе өндірілетін су көлемін қысқартуға, қосымша мұнай өндіруді алуға бағытталған ағымды ауытқу технологиялары болып табылады.

Нәтижелері. Бұл мақалада Әлібекмола кен орны жағдайлары үшін оңтайлы ағынды бағыттайтын химиялық құрамдарды таңдау бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері берілген.

Қорытынды. Жүргізілген зертханалық зерттеулер ағынды бұру композицияларының карбонатты жарылған коллекторлар жағдайларында қолданылуы мен тиімділігін дәлелдейді.

Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2023;5(3):35-47
pages 35-47 views

Қаражанбас кен орнынындағы мұнай өндіру коэффициентіне бу сапасының әсері

Aidarbayev Z., Khassanov D.

Аннотация

Негіздеу. Жылу агентін «бу» ретінде айдау мұнайдың тұтқырлығын және қозғалыс қатынастарының мәнін төмендетуге мүмкіндік береді, бұл ығыстыру және қамту коэффициентін ұлғайтады және ақырында мұнайды өндіру коэффициентін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Бұл тұжырым бу энтальпиясының мұнай шығару коэффициентіне әсерін айқындау үшін, сондай-ақ жағылатын газдың шығынын анықтау мақсатында негіздеме болды, соның салдарынан қолданыстағы газ құбырын қайта жаңарту, тұщы судың қажетті мөлшерін есептеу және тұтастай алғанда Қаражанбас кен орнында бу айдауды тарату үшін жүргізіледі.

Мақсаты. Мақаланың мақсаты Қаражанбас кен орнының бу генераторлық қондырғыларында өндірілетін бу сапасының мұнай өндіру коэффициентіне әсерін қарастыру болып табылады. Будың сапасын анықтайтын негізгі параметр құрғақтық болып табылады, оны есептеу кезінде қазандықтың нақты мәндері (қысым, температура, газ шығыны), арнайы құрылғыдағы түтін газдарын зерттеу, сондай-ақ жанатын газдың калориялық құндылығын анықтау үшін зертханалық зерттеулер жүргізілді.

Материалдар мен тәсілдер. Бұл жұмыста геологиялық-гидродинамикалық модельдеу материалдары, қазандықтардың түтінді газдарын зерттеу нәтижелері және жылу балансы пайдаланылды.

Нәтижелері. Есептеу өндірілген будың сапасының төмендігін көрсетті, бұл мұнай өндіру коэффициентіне теріс әсер етеді.

Қорытынды. Қаныққан бу параметрлерінің оңтайлы мәнін анықтау бойынша жүргізілген бағалау жұмыстары (будың құрғақтығы, игеру тиімділігі тұрғысынан температура) айдау ұңғымасының сағасы мен кенжарындағы будың температурасы мен құрғақтығы неғұрлым көп болса, Қаражанбас кен орнында мұнай алу коэффициенті соғұрлым жоғары болатынын көрсетті.

Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2023;5(3):48-58
pages 48-58 views

Қабат қысымын ұстап тұру жүйесінде теңіз суын пайдалану кезінде бактерицидтер мен биостаттарды қолдану тиімділігін арттыру

Kilyanov M., Igrevsky L., Khafizov S., Verbitsky V., Lambin D.

Аннотация

Мақалада мұнай кәсіпшілігі нысандарында дамитын коррозияға қауіпті бактериялар топтарының жіктелуі, мұнай кен орындарының микробиологиялық проблемалар бойынша жіктелуі, сульфатты қалпына келтіретін бактериялардың дамуы бойынша сыни нүктелер, сондай-ақ микробиологиялық коррозиямен күресу тәсілдерінің жіктелуі туралы материалдар келтірілген. Сондай-ақ, ультракүлгін сәулеленудің микроорганизмдердің тежелуіне әсері сипатталған. Сульфатты қалпына келтіретін бактериялармен күресу үшін биоцидтерді, биостаттарды және ультракүлгін сәулеленуді бірлесіп қолдану бойынша И.М. Губкин атындағы Мұнай және газ РМУ (ҒЗУ) ұсыныстары келтірілген.

Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2023;5(3):59-70
pages 59-70 views

«M» кен орнында құмның пайда болу мәселесің шешу және тұтқырлығы жоғары мұнай өндіруді арттыру ретінде Frac-Pack технологиясын қолдану әлеуетін зерттеу

Bukharbayeva A., Jaxylykov T., Assanov K.

Аннотация

Негіздеу. Бұл жұмыста М кен орнының бор горизонттарында қиыршықтас сүзгісін (Frac-Pack) орнатумен жерасты қабатың сұйықтықпен жару технологиясын қолдану әлеуеті зерттелді. Жұмыстың өзектілігі бүгінгі таңда М кен орнының бор шөгінділері бойынша қорларды іріктеу қордың арттыру бойынша оңтайлы шараларды таңдау ұсыныстар мен пікірталастар үшін ашық алаң болып табылатындығына байланысты. Мұнай өндірудің төмен коэффициенті өндіру процесіне қойылған шектеулерге байланысты: мұнайдың жоғары тұтқырлығы, газ және су – мұнай аймақтарының болуы, цементтелген коллектордағы мол құмның пайда болуы.

Мақсаты. Жұмыстың мақсаты М кен орнының ұңғымаларында Frac-Pack технологиясын қолдану әлеуетін зерттеу болып табылады.

Материалдар мен әдістер. FracPro арнайы бағдарламалық жасақтамасында Frac-Pack қолдану әлеуетін бағалау мақсатында қабаттың геомеханикалық және сүзгілік қасиеттерінің моделі тұрғызылды, сондай-ақ түрлі айдау параметрлері бар дизайн симуляциясы орындалды. М кен орнында іріктелген сұйықтықтардағы механикалық қоспалардың құрамын зертханалық зерттеу нәтижелері негізінде проппанттың және сүзгінің өткізу қимасының диаметрі анықталды.

Нәтижелері. Зерттеу нәтижесінде әлеуетті үміткерлердің үлгісінен ұңғыманың жерасты қабатын сұйықтықпен жарылуы модельденді, ұсынылған технологияны қолданғаннан кейін мұнай өндіру көрсеткіштері есептелді, зертханалық зерттеулер негізінде Frac-Pack технологиясын енгізу үшін материалдар таңдалды.

Қорытынды. Зерттеу көрсеткендей, ұсынылған алдын-ала игеру стратегиясы М кен орнының таяз ұңғымалары үшін ең қолайлы болып табылады, өйткені ол механикалық қоспаларды жою мәселесін шешуге ғана емес, сонымен қатар мұнай өндіруді арттыруға да бағытталған.

Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2023;5(3):71-84
pages 71-84 views

Drilling

Бағанаралық қысымды бақылау және жою

Kabdushev A., Bajmahanov A., Agzamov F., Daribayev Y., Betzhanova A.

Аннотация

Негіздеу. Бағанаралық қысымның пайда болуы көптеген жағдайларда бастапқы цементтеу сапасының сәйкес келмеуімен байланысты. Көптеген зерттеулер бастапқы цементтеу проблемаларын болдырмауға және ұңғымалардың аяқталу сапасын жақсартуға бағытталған болса да, қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған газ және газ конденсатты ұңғымалардағы бағанаралық қысым проблемасы артып келе жатқанын атап өткен жөн.

Мақсаты. Бұл жұмыстың мақсаты Амангелді газ конденсаты кен орнындағы бағанаралық қысымды ұңғымаларды зерттеу және жою болып табылады.

Материалдар мен әдістер. Бұл жұмыста ұңғыманы дайындау және бағанаралық қысымды жою процедурасы, сондай-ақ тампонаж ерітінділерінің химиялық компоненттері көрсетілген.

Нәтижелері. №121, 105, 103 және 101 ұңғымалар бойынша жүргізілген зерттеулер мен іс-шаралар тампонаждық ерітінділер рецептураларының оң нәтижесі мен тиімділігін көрсетті.

Қорытынды. Бағанаралық қысымды жоюдың ұсынылған технологиясы және тампонаждық ерітіндінің рецептурасы Қазақстанның көптеген кен орындарында кеңінен қолданылуы мүмкін.

Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2023;5(3):85-95
pages 85-95 views

Цемент тасының шегендеу құбырларымен бекісуіне әсер ететін факторларды Маңғыстау кен-орындары негізінде зерттеу

Umraliyev B., Seitov A., Nugiyev M., Makhmudov M.

Аннотация

Бұл жұмыс цемент тасын қалыптастыру процесіне әсер ететін факторларды және оның шегендеу құбырларымен байланысын зерттеуге, ұңғымаларды цементтеу сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар мен технологиялық әдістерді әзіалеуге арналған. Ұңғымаларды цементтеудің негізгі міндеті – әртүрлі қанықтыру сипаты бар тау жыныстарды саңылаусыз ажырату болып табылады. Бұл мәселені шешу өте күрделі болып табылады, өйткені ол көптеген факторларға байланысты.

Акустикалық цементометрия мен ұңғымаларды өнеркәсіптік зерттеулер нәтижелерін талдау негізінде цементтеу сапасының коэффициентінің аз-мөлшерлі ауытқуларымен құбыр сырты кеңістігінің саңылаусыздығын сипаттау мүмкін болды. Осыған байланысты, тәжірибелік немесе эксперименттік жұмыстарды жүргізу барысында цементтеу сапасының коэффиценті ұңғымаларды цементтеу кезінде жүргізілетін әртүрлі технологиялық операциялардың тиімділігін бағалау үшін негізгі параметр ретінде қолданылды.

Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2023;5(3):96-110
pages 96-110 views

Сбор и транспорт газа

Газбен жабдықтау жүйелерінің сенімділіктерін арттыру жолдары

Сексенбай М.Ж., Kabdushev A., Қожас О.О.

Аннотация

Негіздеу. Газбен жабдықтаудың таратушы жүйелерінің сенімділігі түсінігі белгілі бір уақыт аралығында қалыпты пайдалану жағдайында берілген параметрлерді сақтай отырып, тұтынушыларға қажетті газ мөлшерін сенімді түрде тасымалдау мүмкіндігін білдіреді.

Мақсаты. Таратушы газ желілерінің ерекшелігі – олар ұзақ уақытқа жоспарланатын жүйелер, қалалардың өсуімен менесе тұтынушылардың қосылуымен олардың әсер ету радиусы артады, кеңейеді, қайта құрылады, тозған тораптары мен элементтері жаңаларына ауыстырылады. Осы пайдалану кезеңінде жүйенің сенімділігін арттыру үшін айтарлықтай қайта құру шаралары болмауы негізгі мақсат.

Материалдар мен тәсілдер. Газбен жабдықтау жүйелерінің бірлік көрсеткіштеріне жұмыс істеу ықтималдығы, істен шығу қарқындылығы және істен шығу мүмкіндігін талдау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижелері. Ауыстыру кезінде газ қазандықтарының сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз ету үшін 8 түрлі шара ұсынылды.

Қорытынды. Мақалада тұйықтау сызбасы, элементтерді байлау немесе қайталау арқылы жүйеде желілерді резервтеуді енгізу ұсынылады және газ тарату жүйелерінің әлеуметтік сипаты қарастырылады.

Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2023;5(3):111-118
pages 111-118 views

Осы сайт cookie-файлдарды пайдаланады

Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.< / br>< / br>cookie файлдары туралы< / a>