Том 3, № 4 (2021)
- Жылы: 2021
- Мақалалар: 10
- URL: https://vestnik-ngo.kz/2707-4226/issue/view/4607
- DOI: https://doi.org/10.54859/kjogi.202134
Бүкіл шығарылым
Articles
Бортында орналаскан Жаркамыс кумбезінің екінші карбонатты қабаты органогенді кұрылыстарының литологиялық және фациалдық ерекшеліктері
Аннотация
Каспий маңы ойпаты - Қазақстандағы ең негізгі және маңызды мұнай-газ бассейні болып саналады. Онда тұзасты карбонатты шөгінділерінде көмірсутектердің орасан зор қоры бар.
Каспий маңы ойпатының шығыс бортында тұз асты карбонатты кешендермен байланысты көптеген мұнай және газ конденсатты кен-орындары ашылды.
Зерттеу нысандары Каспий маңы ойпатының шығыс жағындағы Жоғарғы Визей-ерте Мәскеу дәуірінің екінші карбонатты қабаты (КК-II) болып табылады. Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігінің қалыптасуы Шығыс-Еуропалық кратон мен Жайықтың қатпарлы құрылымдарының түйісу аймағында орын алды. Бұл жағдайлар тұнба процестерінің күрделілігін, тау жыныстарының әр түрлі литологиялық түрлерін және коллекторлық түрлердің жоғары гетерогенділігін қалыптастырумен диагенетикалық процестерді алдын ала анықтады.
KТ-II қабаты көмірсутегі шикізатының негізгі қойнауқатының жетекші рөлін сақтап қалады және екі-үш онжылдықта аймақта мұнайды барлаудағы одан әрі әлеуетіне ие болады. Мұны КТ-II-де Жаңажол, Өріктау, Қожасай, Әлібекмола, т.б. сияқты ірі мұнай-газ конденсатты кен-орындарының ашылуы растайды.
Сургут күмбезі кен-орны негізінде назардан тыс қалған кен-орындарды іздеу құралы ретінде төменомдық коллекторларды анықтау әдісі бойынша негіздемесі мен алғышарттары
Аннотация
Батыс Сібір кен-орындарындағы төмен-омды коллекторларға қатысты мәселелер өткен ғасырдың аяғынан бастап өзекті болып келеді. Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу материалдары бойынша өнімді төмен-омдық коллекторлар көбінесе сумен қаныққан деп түсіндіріледі, нәтижесінде олар ұңғыманы одан әрі пайдалану кезінде пайдаланылмайды. Зерттеудің мақсаты Сургут күмбезінің бірегей кен-орнындағы төмен омды құм-коллекторларының мұнай-газ анықтылығының индикаторлары ретінде тау жыныстарындағы қайталама өзгерістердің статистикалық қарқындылығы (супер-эпигенетикалық процестер) сияқты параметрлерді пайдалану болып табылады. Бұл талдау, И.А.Мельник жасаған ұңғымалардың геофизикалық зерттеулерінің деректерін статистикалық интерпретациялау әдісіне негізделген [1], ол осы мәселені зерттеуде үлкен жетістіктерге жетті. Осы есептеулердің нәтижелері шағылысатын жиектер бетінің сейсмикалық деректерін өңдеу нәтижелерімен салыстыра келе, ұсынылған алгоритмнің тиімділігін растады. Сондай-ақ, бұл жұмыста тектоникалық бұзылуларға байланысты қайталама пиритизация қарқындылығының және оларға дейінгі қашықтыққа тәуелділігі анықталды. Жаңа аралықтарды сынау бойынша ұсыныстар берілді.
Оңтүстік Торғай шөгінді бассейніндегі мұнай кен-орнында псевдо-ұңғымаларды пайдалану арқылы стохастикалық инверсия әдісін қолдану
Аннотация
Сейсмикалық барлау жұмыстары кезінде алынатын деректерді өңдеу арқылы инверсиялық жолмен қайта қалыптастыру әдістерін тиімді, қарапайым және шапшаң әдістерін жетілдіру - барлау, немесе игеру алаңдарында пайдалы қазбалар кен-орындарының құрылымы туралы неғұрлым толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді.
Бұл мақалада стохастикалық инверсия әдісін Оңтүстік Торғай шөгінді бассейні аумағында қалыптасқан кен-орнын мысал ретінде қарастырып, неғұрлым сәйкес шешімді табу мақсатында кеңейтілген серпімді импеданс (Extended Elastic Inversion) трассасы үшін псевдоұңғымалар қолданылды. Бұләдіс, анықталған литотиптердің геологиялық пішінін анықтау, болшақта бұрғыланатын орындарды картаға түсіру, оларды орналастыру үшін (және т.б.) алынған ақпараттар негізінде геологиялық модельді нақтылау мүмкіндігі себебінен қызығушылығын туғыздырып отыр. Қолда бар есептеу мүмкіндіктері мен жұмсалған уақытты негізге ала отырып, осы әдіс пен оның өнімділігі бағаланды.
Литофациалдық талдау және геофизикалық зерттеулер мен сейсмобарлау деректері бойынша қойнауқат қасиеттерін машиналық өңдеу арқылы болжау мүмкіндіктері
Аннотация
Кез-келген кен-орнын игеру стратегиясының сәттілігі оның негізгі қойнауқаттардың геологиялық құрылымын зерттеу дәрежесіне байланысты. Алаңды бұрғылау дірежесі артқан сайын көмірсутегі кен-орнының құрылымы туралы түсінік нақтылана түседі, дегенмен қойнауқаттар қуыс-кеңістігінің күрделі құрылымы және аудан бойынша қимасының литологиялық жағынан түрлі болуына байланысты геологиялық белгісіздіктер мен ұңғымалардың орнын кейіннен таңдау қауіпті тәуекелдерді жоғарылатады. Осы себептерге байланысты көмірсутектер өндірісіндегі негізгі проблемалардың бірі -тау жыныстарының түрлерін болжау және ұңғымалардан алыс тұрған коллекторлардағы сұйықтықтың таралуы болып табылады. Өйткені, тау жыныстарының қасиеттерін анықтау коллекторлық модельдеу зерттеулеріндегі белгісіздіктің негізгі себебі болып саналады [1, 2]. Ұсынылған жобада қойнауқаттардың литологиялық қалыптасуы мен секцияда литофаксиялық өзгергіштіктің белгісіздігін болжауға мүмкіндік беретін есептеуші машинаны пайдаланып оқыту әдістеріне негізделген Алгоритмдер көрсетілген.
Мұнай өндіру барысын модельдеуге арналған гидродинамикалық симулятордың пайдаланушылық интерфейсі мен алынған деректерді өңдеу құралын әзірлеу
Аннотация
KMGEsim гидродинамикалық симулятор жобасы аясында орындалған шаралар: деректерді енгізуді бақылау үшін пайдаланушы интерфейсі және модельдеу нәтижелерін өңдеуден кейінгі құрал әзірленді; бірыңғай архитектурасы бар GitHub жүйесінде жеке жоба құрылды; GitHub жобасына лицензия, құжаттама және оны әрі қарай бастапқы ашық белгісі бар бағдарламаларды қамтамасыз ету түрінде пайдалану үшін үздіксіз интеграциялау құралы қосылды.
Қаражанбас кен-орнындағы бу-жылу әдісінің әсерін талдау
Аннотация
Бұл мақалада Бозашы түбегінде (Батыс Қазақстан) орналасқан Қаражанбас кен-орнындағы юра-бор өнімді қабаты геологиялық құрылымының негізгі ерекшеліктері мен өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап кен-орнында қолданылып келетін қабаттардың мұнай бергіштігін арттыруға арналған термикалық әдістер мен олардың модификацияларының тиімділігі сипатталған. Жылу жолақтары әдісімен қабатқа бу-термикалық әсерді қолдану бірқатар ұңғымаларда жылытылмаған суды айдауға, буды басқа ұңғымаларға айдау арқылы бу-термикалық әсермен қабаттың көп бөлігін қамтуымен қатар, суық суды айдау кезінде жылу жолақтарының қозғалысын күшейтуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, жылу жолақтары әдісін қолданып, буды айдау жылдамдығын арттырған жағдайда, бу-мұнай факторының мәні, буды үздіксіз баяу айдағанға қарағанда бірнеше есе азайтуына әсер етуі мүмкін.
Бу-термикалық әсерді қолдану мұнайдың бастапқы баланстық қорларының мұнай бергіштігін 35-45 %-ға арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа жабдықтар мен технологияларды тестілеу және енгізу, сондай-ақ тұтқырлығы жоғары мұнайды игерудің әлемдік тәжірибесін зерделеу қазіргі уақытта Қаражанбас кен орнын игеру бағытында өзекті тақырып болып табылады.
Шығыс Kенбай кен-орнының Mолдабек үлескісінің гидродинамикалық моделін мысал ретінде қарастыра отырып тұтқырлығы жоғары мұнайлы қабатқа термикалық әсердің тиімділігін бағалау
Аннотация
Тұтқырлығы жоғары мұнай (бұдан әрі-ТЖМ) табиғи жағдайда дәстүрлі мұнай кен-орындарынан ерекшеленеді және көмірсутектердің қиын алынатын қорларына жатады. Қазақстанда 0,7 млрд та ТЖМ мұнайы бар кен-орындардан келеді. Тұтқырлығы жоғары мұнай кен-орындарын игеру тек Қазақстанда ғана емес, Бүкіл Әлем мұнай-газ саласы инженерлерінің өзекті мәселесі болып табылады. Осы әлемдік мәселені шешу мақсатымен бұл мақала – қиын өндірілетін қорлары бар кен-орындарында мұнай өндіруді қарқындатуға және мұнай алуды ұлғайтуға бағытталған мұнай-газ саласында белгілі технологиялардың тиімділігін бағалауға арналған. Осындай технологиялардың кейбір түрлері болып, қойнауқаттарға термикалық әсер ету әдісі қарастырылған (ыстық суды айдау, буды айдау), сондай-ақ ұңғымаларды пароциклді өңдеу жоғарыда көрсетілген технологияларды бағалау барысында Кенбай кен-орнының Шығыс Молдабек үлескісін мысалға ала отырып, 3D геологиялық-гидродинамикалық модельдің көмегімен жүргізілді. Модельдеу нәтижесінде игерудің ағымдағы жағдайына талдау жасап, гидродинамикалық модельдеуді мұнай-өндірудің тарихи деректеріне ескере отырып, игерудің болжамды көрсеткіштері түрлі нұсқаларға сәйкес есептеулер жүргізілді.
Өзен және Қарамандыбас кен-орнындағы биогенді күкіртсутегімен күресу шаралары
Аннотация
Өзен кен-орнында кәсіпшілік орталардың сульфатты қалпына келтіргіш бактериялардың микробиологиялық залалдануын зерттеу мен бақылау мақсатында, реагент-бактерицидтерді қолдану тиімділігіне мониторинг жүргізіледі. Жабдықталған бақылау нүктелерінен бактерицидті айдауға дейін, және одан кейін, сульфатты қалпына келтіргіш бактериялар клеткаларын анықтау үшін су сынамалары алынды.
2020 жылғы қараша – желтоқсанда «Өзенмұнайгаз» АҚ кен-орындарында күкіртсутегі құрамының ұлғаюына байланысты «ҚазМҰНАЙГАЗ ҒЗЖИ» Филиалының күштері «Өзенмұнайгаз» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің мамандарымен бірлесе отырып, «НСМ-4» нысанының және реагентті айдау торабына техникалық тексеріс жүргізді. Сонымен қатар, түрлі температураларда теңіз суымен бактерицидтің араласуын анықтау мақсатында зертханалық жұмыстар жүргізілді.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша НСМ-4 теңіз суының резервуарларын бактерицидтік өңдеу қажеттілігі, бактерицидті теңіз суымен тиімді араластыру үшін реагентті енгізу нүктесін жетілдіру, «бейімделу» қаупін болдырмау мақсатында бактерицидтерді кезектестіру қажеттілігі мен жаңа тиімді реагенттерге өнеркәсіптік-тәжірибелік сынақтар жүргізу анықталды.
Мұнай түрлерін анықтау үшін «Ақшабулақ» топтары мұнайын фингерпринтинг және биомаркерлік талдау нәтижелері
Аннотация
Бұл мақалада мұнай түрлерін анықтау үшін Ақшабұлақ тобындағы үш кен-орнының барлық өндіру ұңғымаларынан алынған 128 мұнай сынамасына жасалған фингерпринтинг нәтижелері берілген. Осы талдау нәтижелері бойынша мұнайлардың төрт тобы анықталды: Бірінші топқа (қызыл) Орталық Ақшабұлақ кен-орнындағы екі күмбезде қалыптасқан төменгі объектілердің (III-IV-V) және оңтүстік күмбезде қалыптасқан жоғарғы I объектінің және Оңтүстіктің Ақшабұлақ кен-орнындағы солтүстік күмбезде қалыптасқан барлық объектілердің мұнайлары жатады. Мұнайдың екінші тобы (жасыл) Орталық Ақшабұлақтың солтүстік күмбезіндегі I объектіні игеретін ұңғымаларда анықталды, ал Шығыс Ақшабұлақ горизонттары мен Орталық Ақшабұлақ палео-шөгінділерінде мұнайлар (көк) үшінші топты құрайды. Төртінші топқа Оңтүстік Ақшабұлақтағы № 13 тесіп өтетін №37 ұңғымадан шыққан табиғи көзі бөлек мұнай сынамасы жатады.
39 мұнай сынамасына биомаркерлік талдау жүргізілді, нәтижесінде мұнайлар көлдік ортада шөккен терригенді (сазды) органикалық заттан пайда болғаны анықталды. Термикалық параметрлері бойынша Шығыс Ақшабұлақ мұнайлары терең жатқанына қарамастан Орталық Ақшабұлақ пен Оңтүстік Ақшабұлақ мұнайларына қарағанда термикалық аз жетілген. Қорытындыда атқарылған жұмыстардың негізінде болашақта көмірсутек ресурстары мен қорларын ұлғайту үшін көмірсутектердің перспективалы жинақтау аймақтары ұсынылған. Дегенмен, жүргізілген зерттеулердің нәтижелері расталған геологиялық және сейсмикалық деректермен біріктірілген жағдайда ғана құнды ақпарат беретінін атап өту керек.
Сулану мен салқындату қарқынының мұнай ағынына әсері
Аннотация
Тығыздықтың, тұтқырлықтың жоғарғы мәндері, құрамында жоғары мөлшерлі (30% - ға дейін) парафинді көмірсутектер мен асфальт-шайырлы заттары бар, қату температурасы жоғары (35-38°с), қалыптан тыс қасиеттері бар мұнайларға тән келеді. Бұл жағдайлар, мұнай өндіру, жинау және дайындау процесін қиындатады. Осы себептен, суық климатты жағдайларда, көптеген елдер үшін мұнайдың температуралық төменгі қасиеттерін жақсарту мәселесі шығарылуы-қиын мұнайды өндіру және тасымалдау мәселелерін шешудегі ең өзекті мақсаттардың бірі болып табылады. Соңғы жылдардағы зерттеулер жылумен өңдеу кезінде табиғи мұнай қоспаларының реологиялық қасиеттеріне қыздыру/салқындату процестерінің жылдамдығы үлкен әсер ететіндігін көрсетті. Мұнай кен-орындарын пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, мұнайды жинау және тасымалдау жүйелерінде мұнайдың сулануы мен резервуар суларының агрессивтілігі мұнайдың тұрақты мұнай эмульсияларының жиі пайда болуына және де бұл жағдай мұнайды тауарлық деңгейге дейін дайындау барысында үлкен қиындықтарға әкеліп соқтырады.
Мақалада ұңғыма өнімін тасымалдауға сулану факторының әсері, сондай-ақ салқындату қарқынының мұнай эмульсияларының қату температурасына әсері бойынша зерттеулер нәтижелері келтірілген. Зертханалық зерттеулер көрсеткендей, эмульсиялардағы су мөлшерінің 40%, немесе одан да көп болуы, температураның барлық шектік аралықтарында тұтқырлықтың айтарлықтай өсуіне әкелді. Сондай-ақ, су көлемінің ұлғаюы мұнайдың қату температурасын 7-140°C-қа көтеретіні көрсетілген.