Том 3, № 2 (2021)

Мұқаба

Бүкіл шығарылым

Articles

Үлкен тереңдіктегі мұнай. Мексика шығанағының норфлет шөгінділерілерінде қалыптасқан оффшорлық кен-орындар. Игеру тарихы мен болашағы

Исказиев К.О., Сынгаевский П.Е., Хафизов С.Ф.

Аннотация

Мексика шығанағы Норфлет тастопшасының тереңінде қалыптасқан теңіз кен-орындары туралы мақаланың екінші бөлігінде кең-ауқымды геологиялық барлау жобасын жүзеге асыру тарихы қарастырылған. Сонымен қатар, Шелл компаниясы күшімен жасалған кен-орындарды игеру жобасы да баяндалған.

Бұл мақалада Аппоматокс кен-орнының ашылу тарихына толығырақ тоқталып, бұл кен-орнын ашу аталған жоба тарихында басты орын алып, терең су-асты барлау жұмыстарында бұрын-соңды болмаған жоғары тереңдікте қалыптасқан перспективті беткейлерге көшудің себепшісі болды (жалпы тереңдігі 10 км-ден асады).

Мақаланың қорытынды бөлімінде Мексика шығанағындағы Норфлет тастопшасы шөгінділерінің перспективті нысандарына геологиялық барлау жұмыстарын одан әрі жалғастыру келешегі қарастырылған.

Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2021;3(2):3-26
pages 3-26 views

Қазақстан Республикасы аумағында сейсмикалық барлау құжаттарын инновациялық әдістермен өңдеу арқылы қойнауқаттардың мұнаймен қанықтылығын болжау

Амельченко Н.В., Соболев Д.М., Котов В.П., Калиев С.М.

Аннотация

Сейсмоакустикалық энтропиялық талдау (САЭ-талдау) мен композициялық жиілік (МЧК) әдістері – перспективті алаңдарда сейсмикалық барлау нәтижелері бойынша көмірсутектерді тікелей әдістермен іздестіру талаптарын шешуге арналған сейсмикалық барлау тәсілдері болып табылады. Екі әдістеде іздеу көрсеткіші ретінде көмірсутек кен-орнымен әрекеттескен құлама-толқындардың алдыңғы шебінде сейсмика-акустикалық толқындардың қайту құбылыстары қолданылады. Толқындық өрістің спектрлік сипаттамаларын динамикалық өңдеу мен статистикалық талдау нәтижесінде кен-орнының орналасқан жері анықталады. Мақалада Қазақстан Республикасының аумағында МЧК және САЭ тәсілдерімен қойнауқаттардың мұнайға қанығу болжамының нәтижелері келтірілген.

Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2021;3(2):27-41
pages 27-41 views

Тұтқырлығы жоғары мұнайлы кен-орнында қабаттағы жану тәсілін қолдануды негіздеу

Токарев В.И., Ахмет Ә.А., Гарифов А.К.

Аннотация

Бұл мақалада әлемдік және сынақ үлескілерінде гидродинамикалық модельдерді (GGDM) пайдалана отырып, кен-орнын игеруді жобалау және оны жайғастыру барысында қойнауқат мұнай-бергіштігін арттыру тәсілін қолданудағы пайдалану ерекшеліктері мен шарттары туралы баяндалған.

Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2021;3(2):42-53
pages 42-53 views

Өзен кен-орнының энергетикасы нашар үлескілерінде бейқалыпты жоғары қабаттық қысымның пайда болуы

Хадаров Р.Е., Таджибаев М.О.

Аннотация

Қазіргі уақытта Өзен және Қарамандыбас кен-орны игеру нысандарының көпшілігінде қабаттық қысымның төмендеуі байқалады. Осыған байланысты, жекеленген үлескілерде қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің жұмыс тиімділігін арттыру жолдары маңызды іс-шара болып табылады.

Осы мақалада, гидродинамикалық зерттеулер негізінде бақылау жүргізе отырып, бастыру ұңғыларында бейқалыпты сүзілу режимінде ағымдағы энергетикалық жағдайын толық талдау әдісі ұсынылды. Бейтарап ұңғымаларды мысал ретінде пайдалана отырып, қабаттарда бейқалыпты жоғары қысымның пайда болу себептері анықталып, оны шешу жолдары ұсынылды.

Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2021;3(2):54-60
pages 54-60 views

Нұралы кен-орнындағы мұнай миграциясы жолдарын болжау және генетикалық шығу-тиесілігін анықтауға мұнайдың биомаркерлері мен фингерпринтинг тәсілдерін қолдану

Сейтхазиев Е.Ш., Утеев Р.Н., Мустафаев М.К., Лю Ш., Сарсенбеков Н.Д., Досмухамбетов А.К., Джумабаев Т.Е.

Аннотация

Бұл мақалада мұнайды генетикалық белгілері бойынша генетикалық топтастыру және кен-орны аумағында сұйықтық байланысын айқындау, одан әрі мұнайдың миграциялық бағытын анықтау мақсатында Нұралы кен-орнының барлық мұнай-өндіру ұңғымалары бойынша биомаркерлік талдау мен мұнайды фингерпринтинг интерпретациялау (36 үлгі бойынша) нәтижелері берілген. Биомаркер зерттеулері бойынша Орталық және Батыс Нұралы мұнай үлгілері бойынша генетикалық шығу тегі әр түрлі екендігі, ал Батыс Нұралы учаскелеріннің оңтүстік бөлігіндегі мұнай үлгілерінің солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бағыттары мұнай негіздерінде қалыптасқаны анықталды.

Орталық-Нұралы мұнайының Батыс-Нуралы мұнайына қарағанда термикалық жағынан жетілу деңгейі жоғары және тығыздығы төмен болып келеді. Орталық-Нұралы кен-орнынан алынған мұнай үлгілерінің термикалық жетілуі Нұралының солтүстік-шығыс бөлігінен оңтүстік-батыс бөлігіне қарай төмендейді. Бұл жағдай, сонымен қатар көмірсутектердің миграция бағытын да көрсетуі ықтимал. Орталық-Нұралының солтүстік-шығыс бөлігінде газ тақиясының кездесуі - олардың жоғары термикалық жетілуіне байланысты болуы мүмкін деген болжамға әкеледі.

Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2021;3(2):61-75
pages 61-75 views

Айналымдағы судың сапасын импульсті-электромагниттік әдіспен жақсарту

Ергожин Е.Е., Чалов Т.К., Ковригина Т.В., Мельников Е.А., Хакимболатова К.Х.

Аннотация

Бұл жұмыстың өзектілігі өте маңызды және технологиялық үрдістерде көптеген өнеркәсіп кәсіпорындарында, оның ішінде мұнай өңдеу зауыттарында су кеңінен қолданылады. Мұнай өнеркәсібінде қоршаған ортаны қорғауға, суды тұтынуға, ағынды сулардың мөлшері мен сапасына қатаң бақылау жүргізеді. Бұл мақалада электромагниттік тазарту құралын қолдана отырып, кері осмос әдісімен айналымдағы суды тазарту туралы мәліметтер келтірілген. Авторлар қуаттылығы 0,370 м³/сағ болатын, өткізгіштігі 0,3 м³/сағ. (тазартылған су үшін), концентраттың шығымы 0,07 м³/сағ. сәйкес кері осмос қондырғысын жасап шығарды. Жасақталған сынақ стенді жабық тізбекте жұмыс істейді, яғни, өткізгіш пен тұзды ерітінді соңынан бастапқы ыдысқа қайтарылады. Қайтарылған суды стандарт талаптарына сәйкес тазарту технологиялық сызбалары, сонымен қатар сумен жабдықтаудың өндірістік қайта өңдеу жүйелерін жобалауға арналған техникалық тапсырма әзірленді.

Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2021;3(2):76-83
pages 76-83 views

Қатты күл-ұнтақтарды деэумльгатор ретінде салыстырмалы түрде сынау

Мысаханов М.А., Жакыпов А.С., Бахадур А.М., Хан Н.В., Ерланулы Е., Габдуллин М.Т.

Аннотация

Бұл мақалада күл-бөлшектердің мұнай-су эмульсиясын тұрақсыздандыру үшін пайдаланатын қатты-деэмульгаторлардың тиімділігі бойынша зерттеу мәліметтері баяндалған. Зерттеулерде пайдаланылған қатты ұнтақтың фракциялық өлшемі 40 микроннан аспайды. Деэмульгатор, негізінен гематит (Fe2O3) және корунд (Al2O3) фазаларынан тұрады. Мұнай эмульсиясына күл-ұнтақтарын енгізгенде мұнайдан судың бөлінуіне әкеліп соқтырады. Күл-ұнтағының мөлшері 0,1-ден 1 г шамасында болды. Күл-ұнтағының мөлшері жоғарылауы судың эмульсиядан тез ажырауына әкеледі. Бұл зерттеу жұмыстарында күл-ұнтақтың деэмульсиялық қасиеттері анықталды. Сондай-ақ, деэмульсияланған сынамаларды қайта ыдырату барысында кері эмульсия түзілу жағдайы байқалмады. Нәтижесінде, күл-ұнтақ май-су эмульсиясының деасфальттану үрдісіне ықпал етеді деп болжауға болады. Өндірістік қалдықтарды қайта пайдалану – мемлекеттегі экологиялық әхуалын жақсартудың маңызды әдісі болып табылады.

Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2021;3(2):84-90
pages 84-90 views

Тотығу ұңғымасының бекітпе беріктігі туралы

Агзамов Ф.А.

Аннотация

Ұңғы бекітпесінің ең «осал буыны» болып табылатын цемент тасы, ұңғыларды пайдалану барысында шегендеу құбырларының ығысуы мен көптеген қабат сұйықтықтарының әсерінен ыдырап бұзылады. Тотығу ұңғымаларында қабаттарға айдалатын сұйықтықтың әсерінен цемент тасында қарқынды шайылу процестері жүреді, ал бұл жағдай ұңғыманың бірнеше жыл жұмысынан кейін оның толық тозуына әкеліп соқтырады. Осының салдарынан, тотықтырғыш сұйықтардың басқа қабаттарға кетіп, шеген құбырларының тез ескіріп, тозуына әкеледі. Кен орнын пайдаланудағы құжаттарды сараптап-талдау негізінде, тотығу ұңғымаларында қабат-аралық ағын пайда болатыны анықталды және цементтің шайылу салдарынан ұңғы бекітпелері 4-6 жыл ішінде толығымен бұзылуы мүмкін, ал керісінше, пайдалану ұңғымаларында цемент тасы 20 жыл болса да өзінің қасиеттерін толығымен сақтап қалған.

Шайылу коррозиясын теориялық тұрғыдан қарастыру, цемент тасының құрылымдық сипаттамаларын жақсартуға және де тотығу жылдамдығын төмендетудің негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Олардың ішінде судың бастапқы мөлшерін азайту және кеуек кеңістігінің құрылымын оңтайландыруды атап өткен жөн болады.

Ұңғыманың бекітпесіне әсер ететін күштерді талдау жұмыстары перфорациялау, қабатты гидравликалық жару мен ұңғыманы тереңдету жұмыстары барысында цемент тасында пайда болатын кернеулер оның беріктік көрсеткіштерінен асып түсетінін анықталды. Аталған теріс-әсер етуші күштердің салдарын азайту мақсатында «байланбалы» және «қайта жамалғыш» цемент түрлерін қолданған жөн болып табылады.

Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2021;3(2):91-98
pages 91-98 views

Перфобур техникалық жүйесі көмегімен радиалды бұрғылау арқылы арналар жасап, өткізгіш-қабаттардағы ағынды күшейтуге бағытталған басқармалы және тереңауқымды перфорациялау технологиясы

Баширов А.И., Галас И.Р., Лягов И.А., Назыров М.Ф.

Аннотация

Бұл мақалада диаметрі 69 мм-ге дейін ұзындығы 25 м өлшемдегі арналарды радиалды бұрғылау арқылы терең арналар жасауға, соның көмегімен ағынды күшейтуге мүмкіндік беретін "Перфобур" техникалық жүйесі негізінде жасақталған перфорациялау технологиясы ұсынылған.

Бұл технология алғаш рет әртүрлі қасиеттерімен айрықшаланатын, жер асты суларының жақын орналасқан Башқұрт ярусының карбонатты өткізгіш-қабатында жүзеге асырылды.

Коллекторлық қасиеттері ұқсас болатын жақын маңда орналасқан қышқылды гидрожарылыс (ҚГЖ) жасалған жақын маңдағы көршілес ұңғыма таңдалды. "А" ұңғымасында қышқылды пайдаланып гидрожарылыс өткізілді, ал "В" ұңғымасында Перфобур технологиясын пайдаланып, әрқайсысының ұзындығы 14 м екі бағыттағы каналдар бұрғыланды. "В" ұңғымасындағы каналдар бұрғылағаннан кейін екі нүктеден арнайы гидромониторлық саптаманың көмегімен тұз қышқылы ерітіндісі айдалды. "В" ұңғымасына айдалған қышқыл ерітіндісінің жалпы көлемі 48 м3 құрады.

ҚГЖ жүргізілген ұңғымамен салыстыра келе, "В" ұңғымасынан алынған нәтижелер негізінде, басқарылатын радиалды бұрғылау технологиясының жоғары тиімді екенін баяндауға болады. Бұл технологияның көмегімен арнаның траекториясын болжап, оның нақты траекториясын анықтау мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, гидромониторлық саптаманы қолдана отырып, резервуарды қышқылмен өңдеу арқылы, едәуір қашықтықта орналасқан мұнай шоғырының аз сулануын қамтамасыз етеді және мұнай өнімділігінің айтарлықтай өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтуге болады.

Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2021;3(2):99-110
pages 99-110 views

Тенгри кен-орны үлгісі ретінде тұтқырлығы жоғары мұнай кен-орындарында көлбеу бағытталған ұңғымаларды пайдалану тиімділігін бағалау

Марданов А.С., Юсубалиев Р.А., Ерғалиев А.А., Rakhmetullin A.

Аннотация

Қазақстанда тұтқырлығы жоғары мұнай кен-орындары үлесінің өсуіне байланысты, оларды тиімді игеру мүмкіншілігі күрделене түсуде. Күрделі құрылымды терригендік қойнауқаттар мен өткізгіш қабаттардағы тұтқырлығы жоғары мұнай өнімдерін игеру, әдетте, мұнай алу коэффициентінің төменгі қарқынымен сипатталады. Қазіргі уақытта осыған ұқсас кен-орындарды игеруге арналған технологиялар технологиялар тиімсіз және өте шығынды болып келеді. Тенгри кен-орны бойынша, игерудің жобалық құжатына сәйкес, тік ұңғымаларды пайдаланып, игерудегі тәжірибелік телімі ретінде бор қабаты қарастырылды. Көлбеу бұрғыланған ұңғымалардың жұмыс параметрлерінің орташа сипаттамалары салыстырылып, осы ұңғымаларды одан әрі пайдалану тиімділігін арттыру бағытында шаралар ұсынылды.

Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2021;3(2):111-123
pages 111-123 views

Осы сайт cookie-файлдарды пайдаланады

Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.< / br>< / br>cookie файлдары туралы< / a>