Том 5, № 2 (2023)
- Жылы: 2023
- Мақалалар: 9
- URL: https://vestnik-ngo.kz/2707-4226/issue/view/5465
- DOI: https://doi.org/10.54859/kjogi.202352
Бүкіл шығарылым
Geology
Бастапқы ұңғыма деректерінің шектеулі немесе жарамсыз жиынтығы жағдайындағы сейсмостратиграфиялық байланыстыру әдістеріне шолу
Аннотация
Негіздеу. Ұңғымаларды байланыстыру құрылымдық және динамикалық талдау кезеңінде де сейсмикалық интерпретацияның ажырамас бөлігі болып табылады. Сейсмикалық және ұңғымалық деректерді байланыстыру-бұл сейсмикалық барлау жұмыстарының материалдары бойынша бөлінген геологиялық объектілерді ұңғымалардан алынған нақты деректермен байланыстыруға мүмкіндік беретін маңызды процесс, өйткені ол зерттелетін бөлімді құрайтын шөгінділердің литологиялық құрамы мен шағылысу сипаттамасы арасындағы байланысқа негізделген. Сейсмикалық деректер көп жағдайда уақыт шкаласында, ал ұңғыма деректері тереңде және оларды калибрлеу үшін жылдамдық заңын таңдап, «уақыт – тереңдік» қатынасын орнату қажет.
Мақсаты. Бұл мақалада сейсмостратиграфиялық байланыстыру нәтижесін жақсарту және геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін бастапқы ұңғымалық деректерге сапалы бақылау жүргізудің маңыздылығын түсінуді тереңдету, сондай-ақ байланыстыру сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістерді ұсыну міндеті қойылған.
Материалдар мен әдістер. Акустикалық каротаж көрсеткіштерін түзету әдістері сипатталған, сейсмикалық және ұңғыма деректерін байланыстырудың әртүрлі алгоритмдері келтірілген.
Нәтижелері. Жұмыста бастапқы ұңғыма деректерінің мәндерінің бұрмалану себептері, деректер сапасын талдау мысалдары қарастырылады, бастапқы деректердің шектеулі немесе жарамсыз жиынтығы жағдайындағы сейсмостратиграфиялық байланыстыруды жүргізу және ұңғымалар бойынша сенімді терең жылдамдықты тәуелділіктерді алу нұсқалары ұсынылған.
Қорытынды. Сапаны бақылау және қажет болған жағдайда бастапқы ұңғыма деректерін түзету сейсмикалық интерпретацияның қорытынды нәтижелерінің дәлдігін арттырудың маңызды кезеңі болып табылады. Кіріс деректерінің шектеулі және сапасы төмен болса да, терең уақыттық тәуелділіктерді алуға болатынын ескеру маңызды. Дегенмен, жұмыс нәтижелері бастапқы каротаж диаграммаларын өңдеу және түзету сейсмостратиграфиялық байланыстың сапасы мен егжей-тегжейін айтарлықтай жақсартатынын көрсетеді.
Рентгендік микрокомпьютерлік томография суреттерінің негізінде кеуек құрылымын зерттеу және тау жыныстарының макроскопиялық сипаттамаларын есептеу
Аннотация
Негіздеу. Абсолютті және салыстырмалы фазалық өткізгіштік пен капиллярлық қысым қабаттардан мұнай мен газ өндіруді болжау барысында, әсіресе ұңғыманың төменгі бөлігін қышқылмен өңдеу кезінде маңызды параметрлер болып табылады. Олар негізінен ұзақ және көп ресурстарды қажет ететін зертханалық тәжірибелер кезінде анықталады. Сондықтан, жоғарыда аталған параметрлерді жылдам анықтау үшін қосымша тәсілдер қажет. Микрокомпьютерлік томография (әрі қарай – МТ) деректеріне негізделген кеуек-желілік модельдеу (әрі қарай – КЖМ), біріншіден, тау жыныстарының еруін ескере отырып, тау жыныстары үлгілерінің кеуекті кеңістігін зерттеуге, екіншіден, тау жыныстары үлгілерінің негізгі макроскопиялық қасиеттерін оларды бұзбай есептеуге, үшіншіден, әрі қарай зерттеу үшін цифрлық керндер деректер базасын құруға мүмкіндік береді.
Мақсаты. General Electric V|tome|X S240 MT көмегімен, және Avizo және PNFLOW бағдарламалық пакеттерін пайдалану арқылы карбонатты тау жынысының екі үлгісінің кеуекті кеңістігін және олар арқылы сұйықтардың ағысын зерттеу.
Материалдар мен әдістер. Бұл мақалада карбонатты жыныс үлгілерінің кеуекті кеңістігін зерттеу және абсолютті және СӨ, сонымен қатар КҚ анықтау үшін ~19 мкм кеңістіктік дәлдігі бар микрокомпьютерлік томография және кеуекті ортадағы сұйықтық ағынын КЖМ қолданылады.
Нәтижелері. Marker Extent параметрі мәнінің жоғарылауы кеуектер санының азаюына және кеуектердің дұрыс бөлінбеуіне байланысты абсолютті өткізгіштіктің жоғарылауына әкелетіні көрсетілген, ал бұл параметр мәнінің төмендеуі кішірек кеуектерді анықтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, абсолютті өткізгіштік пен кеуектілік 0,62-ден 0,81-ге дейін өзгеретін жоғары корреляциялық коэффициенттері бар тау жынысы ерігенге дейін және одан кейін әртүрлі қатынастарға ие екендігі көрсетілген. Тау жыныстарының еруі үлгілердің салыстырмалы фазалық өткізгіштігіне айтарлықтай әсер ететіні көрсетілген.
Қорытынды. Тау жыныстарының еруі екі үлгіде де мұнайдың қалдық қанықтылығының төмендеуіне әкелді. Мұнайды сумен ығыстыру кезінде, тау жыныстарының еруі нәтижесінде мұнайдың қалдық қанықтылығы зерттелетін екі үлгі үшін 38%-дан 22%-ға дейін және 53%-дан 43%-ға дейін төмендеді. Бұл нәтижелер карбонат үлгілеріндегі сұйықтықтардың ағынын түсіну үшін өте маңызды.
Oil and gas field development and exploitation
Алынуы қиын қорлары бар мұнай кен орындарын игеруді геотехнологиялық реттеу
Аннотация
Негіздеме. Игеріліп жатқан кен орындарының қалдық мұнай қорларының едәуір үлесі өткізгіштігі төмен және қанықпаған коллекторы, қалыңдығы төмен қабаттары бар қабаттар аймақтарына орайластырылған. Мұндай кен орындарында мұнай өндіру деңгейін ұстап тұру әдістемелік пысықтау және мұнай беруді ұлғайту технологиялары мен әдістерін әзірлеу, атаулы қолдану жүйесін оңтайландыру және жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу есебінен мүмкін болады. Өз кезегінде, алынуы қиын қорлары бар кен орындары үшін әдістемелік пысықтау кен орындарын игеру нәтижелеріне жүйелі статистикалық және геологиялық-технологиялық талдауды, қолданыстағы жалпы қабылданған әдістемелерді талдауды, теориялық зерттеулерді қамтиды. Осылайша, геологиялық құрылымды егжей-тегжейлі түсінуді ескере отырып, мұнай кен орындарын игеруді реттеудің кешенді тәсілін құру игеріліп жатқан кен орындарының қазіргі жай-күйі жағдайында маңызды міндет болып табылады.
Мақсаты. Жұмыстың мақсаты геологиялық-технологиялық және геологиялық-статистикалық талдаудың әдістемелік шешімдері, зерттеу объектілерін саралау, мұнай беруді арттыруға бағытталған технологиялар мен әдістерді қолдануды ретроспективті талдау негізінде алынуы қиын қорлары бар мұнай кен орындарын игеруді реттеуге кешенді тәсілді қалыптастыру болып табылады.
Материалдар мен әдістер. Қойылған мақсатқа келесі әдістерді қолдану арқылы қол жеткізуге болады: статистикалық талдау, геологиялық-кәсіптік талдау, «тау жынысы – флюид» байланысын зерттеу бойынша әдістемелік шешімдер, зерттеу объектілерін геологиялық-геофизикалық және геологиялық-кәсіптік деректер бойынша саралау. Кейбір кезеңдердің мысалында зерттеу алгоритмдері ұсынылған.
Нәтижелері. Алынуы қиын мұнай қорлары бар мұнай кен орындарын игеруді реттеу үшін әдістемелік шешім ұсынылды.
Қорытынды. Әзірлеуді реттеуге ұсынылған геотехнологиялық тәсіл коллектордың құрылымын егжей-тегжейлі түсіну, қабаттың аймақтарына (учаскелеріне) саралау, олардың даму жағдайын зерттеу және талдау, оларды өндіруді арттыру үшін бірінші кезектегі және перспективалы технологиялар мен техникалық шешімдерді негізді бөлу есебінен көмірсутектер қорларын өндірудің технологиялық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанның карбонатты кен орны мысалында ауыспалы су-газды ынталандыруды енгізудің тиімділігі
Аннотация
Негіздеу. Ауыспалы су-газды ынталандыру (бұдан әрі – СГЫ) газ айдау мен су басудың қолайлы аналогы болып саналады, бұл ығысу тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Газды үздіксіз айдау кезінде газдың тұтқырлығы төмен болғандықтан орын ауыстыру фронты тұрақсыз болады, бұл газ бен мұнайдың қозғалғыштығының айтарлықтай айырмашылығына байланысты газдың «тілдерінің» пайда болуына әкеледі. Су мен газды кезек-кезек айдау бұл мәселені шешуде және ығысу фронтын тұрақтандыруда қолайлы нұсқа болып саналады.
Мақсаты. Бұл жұмыстың мақсаты су-газды ынталандыру технологиясын қолданудың әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, процестің тиімділігіне әсер ететін негізгі факторларға жалпылама турде баға беру болды. Бұл технологияны карбонатты кен орнында қолданудың тиімділігі де қарастырылды.
Материалдар мен әдістер. Бұл мақалада Қазақстанның карбонатты кен орнында СГЫ әдісімен мұнайды ығыстыру тиімділігі талданды. Ұсынылған мұнай өндіру технологиясын зерттеу мақсатында ECLIPSE 100 симуляторында қабатқа су мен газды кезектесіп айдау үлгісі жасалды. Ең алдымен екі айдау ұңғымасы негізінде параметрлерді оңтайландыру процесі жүргізілді. Зерттелетін кен орны үшін 3 айлық су және газ айналымдарының ұзақтығы және «газ – су» реттілігі СГЫ-дан ең үлкен әсерді байқаудың оңтайлы шарттары болып табылатыны анықталды. Әрі қарай таңдалған параметрлер негізінде СГЫ бүкіл кен орнына масштабталды, оны жүзеге асыру үшін 3, 5, 6 және 12 айдау ұңғымалары бар бірнеше нұсқалар әзірленді.
Нәтижелері. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, мұнайды ығыстырудың оптималды нұсқасы таңдалды. Бұл нұсқаға жоғары айдау қабілеті бар және газдың үлкен көлемі айдалатын 5 айдау ұңғымасы кірді.
Қорытынды. Коллектордың гидрофильділігіне байланысты ауыспалы СГЫ әсері салыстырмалы фазалық өткізгіштіктің гистерезис әсеріне байланысты күткендей маңызды болмады, бұл болашақ зерттеулер үшін тақырып бола алады.
Мұнай беруді арттыру әдістері технологияларын қолданудың бірыңғай өлшемдерін анықтау және осы технологияларды скринингі құралды әзірлеу
Аннотация
Қазіргі уақытта мұнай беруді арттыру әдістерінің (бұдан әрі – МБАӘ) қолданылу критерийлерімен көптеген әдеби көздері бар. Критерийлерді әлемдік сарапшылар, бейінді мұнай-газ компаниялары әзірледі, зертханалық түрде айқындалды және кәсіпшілік тәжірибемен расталды. Кейбір жағдайларда авторлар әртүрлі МБАӘ технологиялары қолданылған кен орындарымен дерекқор жасайды, олардың тиімділігін, қолданудың күрделілігін, белгілі бір геологиялық және физикалық кен орындарының жағдайлары үшін МБАӘ технологияларын енгізу ерекшеліктерін бағалайды. Осындай аналитикалық жұмыстардың нәтижелері бойынша МБАӘ-нің белгілі бір технологияларын қолданудың оңтайлы диапазондарын анықтауға және зертханалық және кәсіптік жағдайларда ықтимал қолайлы технологияларды одан әрі бағалау мақсатында оларды скринингте қолдануды ұсынуға болады.
Бұл жұмыста химиялық, жылу, газ және микробиологиялық МБАӘ негізгі технологиялары бойынша қолданудың бірыңғай критерийлері көрсетілген. Осы критерийлерді біріздендіру үшін кең көлемді әдеби шолу, бұрын сыналған МБАӘ технологияларына ретроспективті талдау, МБАӘ технологияларын қолданудың геологиялық-физикалық және технологиялық жағдайларын талдау жүргізілді. Қабаттардың геологиялық-физикалық параметрлерін және кен орындарының технологиялық көрсеткіштерін қолданудың белгілі бір бірыңғай критерийлерімен салыстыру мақсатында МБАӘ басым технологияларын анықтау үшін барлық қажетті критерийлерді ескеретін скрининг құралы әзірленді.
Мұнайдың қайнау температурасы жоғары фракциясын жару сұйықтығы ретінде қолданып қабатты гидравликалық жару
Аннотация
Негіздеу. Соңғы жылдары Қазақстандағы кенорындардың игерілмеген қорларының құрылымы нашарлап бара жатыр. Қорлардың көп бөлігі өткізгіштігі төмен қабаттар мен сумен ығыстырылмаған аймақтарда орналасқан. Игерудің өнімділігі мен тиімділігіне кері әсер ететін негізгі фактор – мұнай қабаттарының біркелкі еместігі.
Мұнайға қаныққан қабаттар – бұл мұнайға қаныққан құм немесе әктас және су өткізбейтін саз немесе доломит қабаттарының, линзалардың және аралық қабаттардың кезектесуінен тұрады. Қабаттың шегінде 10–20 қабатшалар кездесуі мүмкін, бұл қабаттардың айтарлықтай тілімденгендігін байқатады. Мұнай шоғырларының күрделілігіне байланысты оны толық игеріп алу және айдау ұңғылары арқылы өндіруші ұңғыларға қарай мұнайды сумен толық итеру өту қиын немесе мүмкін емес.
Мақсат. Экономикалық тиімді әдісті пайдаланып, қабаттың мұнайбергіштігін арттыру.
Материалдар мен тәсілдер. Мұнайдың қайнау температурасы жоғары компоненттерімен қабаттың түбіне әсер ету процестеріне эксперименттік зерттеулер алмас бұрғылауға арналған зертханалық машина, сұйықтың және газдың өткізгіштігін анықтауға арналған қондырғылар, мұнайдың тұтқырлығын анықтауға арналған қондырғылар, сондай-ақ, қабат модельіне жару сұйықтығын айдау қондырғылары арқылы жүргізілді.
Нәтижелер. Мұнайдың қайнау температурасы жоғары компоненттерін қолданып қабатты гидравликалық жару әдісін қолданудың нәтижесінде өткізгіштігі төмен қабаттардың өткізгіштігін арттырып, мұнай өнімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Қорытынды. Мұнай кенорындарының геологиялық құрылысына байланысты ұңғы түбіне мұнай ағынының келуін интенсификациялау мақсатында су негізіндегі гельді сұйықтықпен қабатты гидравликалық жару әдісін қолдану тиімсіз болып саналады. Себебі қабат қуыстарында ұзына бойлы молекулалары бар гельдер адсорбцияланады және су негізіндегі жару сұйықтығы коллектордың сазды бөлшектерімен байланысқанда олардың ісінуіне алып келеді.
Қолдану бағдарламалық қамтамасыз ету "ЖҰЛДЫЗ". Бейімдеу және жұмыс істеу моделі
Аннотация
Негіздеу. Шарттарының бірі тиімді игеру мұнай және газ кен орындарын болып табылады дұрыс болжау, оларды әзірлеу, оның ішінде мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз ету. Нәтижесінде көпжылдық жұмыстар әзірленді бірінші және жалғыз Қазақстандық бағдарламалық өнім "Жұлдыз", оның көмегімен жүргізіледі орындалуын бақылау технологиялық шешімдерді кен орнында.
Мақсаты. Бағдарламалық қамтамасыз ету нақты өндірістік тапсырмаларды, кен орнын игеру мен пайдаланудың толық циклін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Материалдар мен әдістер. Осы жұмыста құрал ретінде Оңтүстік Қаратөбе кен орнында қолданылған "Жұлдыз" бағдарламалық қамтамасыз ету бағдарламасы пайдаланылған.
Нәтижелері. Геологиялық-физикалық нәтижелер мен кен орнын өндіру тарихын есепке алатын бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен игеру карталарын құру, коллекторлардың байланысын және айдалатын судың таралуын бағалау, ұңғымалар бойынша кен орнының өнімділігін талдау, геологиялық-техникалық шараларға үміткер ұңғымаларды, сондай-ақ модельдеу процестерін оңтайландыру үшін бағдарламалық модульдерді таңдау.
Қорытынды. «Жұлдыз» бағдарламалық қамтамасыз етуінде жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Оңтүстік Қаратөбе кен орнындағы қабат қысымын сақтау жүйесін жетілдіру бойынша шешімдер әзірленді. Ұңғымаларды геологиялық-технологиялық тұрғыдан бағалауға жаңа көзқарас арқылы таңдалған үміткер ұңғымалардың сапасын арттыру арқылы ұңғымаларды интервенциялау үшін ұңғымаларды таңдау және тиімділікті есептеу жүргізілді.
Iлеспе өнiмдi қайта өндеу
Күкірт алу мен өндірудің процестерінің технологиялары мен әдістерін зерттеу және салыстыру
Аннотация
Күкірт жер бетінде, карьерлерде және күкірттің табиғи ресурсы ретінде кездеседі. Алайда күкірттің көп бөлігі тазартылмаған шикі мұнайдан немесе газдан күкіртті тазалау процестері арқылы алынады. Бұл қалпына келтіру процестері әлемдік энергия ресурстары нарығы үшін өте маңызды. Күкіртті өндіру және алу әдістерінің тәсілдері әдебиеттерді шолу және сипаттамаларды талдау кезінде талқыланады және салыстырылады. Негізінен өнеркәсіпте кеңінен қолданылатын әдістер, олардың технологиялық сызбалары және жұмыс принципі түсіндіріліп, күкіртті жоюдың заманауи әдістерімен салыстырылады.
Экология
Мұнай саласының экологиялық проблемаларын шешуде энергия жинақтаушы заттарды пайдалану перспективалары
Аннотация
Судан сутегі алу үшін дәстүрлі емес экологиялық таза көздер ретінде активатор металдармен (индий, галлий, қалайы, төмен балқитын металдардың эвтектикасы) белсендірілген алюминий қорытпаларына негізделген жаңа буын энергия жинақтаушы заттарды пайдалану перспективалары және энергияны сақтау әдістері, мұнайдағы экологиялық мәселелерді шешуде қолдануға болатын алюминий гидроксидтерінің әртүрлі формаларын қалыптастыру талқыланды салалар: мұнайды кешенді дайындау, қалыптан тыс тұрақты су-мұнай эмульсиялары мен мұнай шламдарын жою, өнеркәсіптік сарқынды суларды, айналымды және табиғи суларды тазарту үшін көмірсутек шикізатын металсыздандыру және күкіртсіздендіру, сондай-ақ ластану деңгейі төмен және орташа мұнаймен ластанған аумақтарды рекультивациялау, органоминералды (гуминді) тыңайтқыштармен бірлесіп пайдалану кезінде олардың құнарлылығын қалпына келтіру технологияларында.