Том 3, № 3 (2021)
- Жылы: 2021
- Мақалалар: 10
- URL: https://vestnik-ngo.kz/2707-4226/issue/view/4515
- DOI: https://doi.org/10.54859/kjogi.202133
Бүкіл шығарылым
Articles
Бүйірлік көлденең ұңғыма оқпаны бойына сұйық ағынын шақыруға арналған есептеулерді геология- математикалық тұрғысынан моделдеу
Аннотация
Өндіру ұңғымаларынан алынатын өнім көлемін арттырудың жолы ретінде өнімді қабаттың кенжар аймағында фильтрациялық кедергілерді төмендету болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі таңда, өнімділікті арттырудың белгілі тәсілдерінен бөлек ұңғы бойынан көлденең оқпан ашу әдісі мұнай арттыру бағытында зор қызығушылық танытады.
Қаламқас кен-орнында жүргізілген жұмыстар барысында кешенді геология-геофизикалық және өндірістік зерттеулер жүргізіліп, қабаттардың литологиялық тұрақтылығын бақылау мақсатында корреляциялық сұлбалар тұрғызылды, кен-орнының құрылымы мен игеру карталары нақтыланды, және де көлбеу ұңғыма оқпанын таңдау жұмыстары жүргізіліп, өнім көлемін бағалау үшін гидродинамикалық есептеулер жасалды.



«Өзенмұнайгаз» АҚ кен-орындарындағы сорғы- компрессорлық құбырларды PSL аймақтандыру және материалдарын таңдау
Аннотация
Бұл жұмыстың өзектілігі жалпы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында, атап айтқанда, пайдаланылатын сорғы-компрессорлық құбырлардың қызмет ету мерзімін ұзарту арқылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да операциялық шығындарды төмендету қажеттілігінен туындап отыр. Осыған байланысты жүргізілген зерттеулер мен сынақтардың мақсаты ұңғымалардың әр топтары үшін сорғы-компрессорлық құбырлардың оңтайлы материалын таңдау болып табылады. Ұңғымаларды дұрыс топтастыру (PSL аудандастыру) сорғы-компрессорлық құбырлардың оңтайлы материалын таңдау үшін де маңызды. Мақалада ұңғымаларды топтарға бөлудің әдістемесі мен сипаттамалары берілген (PSL – аудандастыру). «Өзенмұнайгаз» АҚ кен-орындарында сорғы-компрессорлық құбырлардың тез тозуына ықпал ететін себептерді талдау (қажалу,тотығу) мен оларды шешуге арналған ұсыныстар берілді.



Ұңғымаларды бекітуге арналған цемент-полимер материалдары
Аннотация
Цемент-полимер қоспаларында ССАиДХ реагентін қолдану тиімділігін көрсетіп, 22 және 80 °C температураларында тампонаж ерітіндісі мен цемент тасының физика-механикалық қасиеттері берілген. Цемент-полимерлі ерітінділерінде түрлі деңгейдегі құрылымдардың қалыптасуының негізгі заңдылықтары ССАиДХ реагентін енгізу дәрежесі мен модификациялық түріне байланысты екені анықталды. Гидраттацияланған цемент минералдары мен күрделі қоспалар арасында ілініскен талшық пайда болатыны анықталды. Реагенттің 0,2% концентрациясы зақымдалған цемент тасында «өздігінен қалпына келу әсері» байқалады, және де цемент-полимерлі тампонаждық қоспалардың қасиеттері жақсарған. Сонымен қатар, ерітінді бойынан су бөлінуін 30%-ға дейін төмендеуіне, иілу беріктігінің шегі 25-27%-ға және сығу беріктігін 36-42%-ға арттыруына ықпал етті.



Қаражанбас кен-орнында суландыру тиімділігін арттыру бағытында жүргізілген жұмыстар туралы
Аннотация
Бұл мақалада Қаражанбас мұнай кен-орнында суландырудың тиімділігін анықтайтын проблемалардың геологиялық себептері, игеру барысында өнімді қабаттарды толық қамтуды арттыруда қолданылатын әдістерге шолу жасалып, бу мен суды кезектестіріп айдау, тотығу ұңғымаларының қабылдау профильдерін теңестіру (ҚПТ), сондай-ақ біркелкі және ұқсас өнімді қабаттармен шектелген көрші кен-орнында қолданылған гель-полимерлі суландыру технологиясы туралы баяндалған. Аталған әдістердің көмегімен әсер ететін үлескілерді таңдау мақсатында кен-орнының жекелеген нысандарында игеру көрсеткіштерін дифференциалды талдау нәтижелері берілген. Осы кен-орнының таңдалған үлескілерінде тотығу ұңғымаларының ҚПТ әдісін қолдану тиімділігін талдау нәтижелері берілген.



Құбыр-аралық қысымды жоюға арналған гравитациялық әдісті қолдану тәжірибесі туралы
Аннотация
Бұл мақалада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді компанияларының ұңғымаларындағы құбыр-аралық қысымды жою үшін гравитациялық әдісті қолдану тәжірибесі талданып, қорытынды жасалған.
Талдау кезінде құбыр-аралық сұйықтықтың ауырлық күші бойынша ығы- суымен көмірсутегі негізіндегі ауыр салмақты құрама қолданатын ұңғымалардағы бағана-аралық қысымды жою жөніндегі жұмыстан кейін бірден алынған нақты деректер қолданылды.



Мұнай қалдығының ауыр фракциясын тақтатас қоспасымен термокрекингтеу
Аннотация
Бұл жұмыста гудрон мен ұсақталған жанғыш тақтатас қоспасы негізінде мотор отындарының компоненттерін алу термокрекинг процесіне байланысты зерттеулер туралы баяндалған. Технологиялық параметрлерді оңтайландыру нәтижелері келтіріліп, (тақтатас концентрациясы, температура мен процестің ұзақтығы) осы процестің материалдық балансы жасақталды (масс.%). Бір сатылы өңдеу кезінде салыстырмалы түрде, жеңіл жағдайда, (5 МПа, 425°C шикізатты берудің көлемдік жылдамдығы 1,0 сағ-1) гудронның терең деструкциясы жүзеге асады (бастапқы гудронға есептегенде қайнау температурасы 200°C дейінгі бензин фракциясы ~12 масс.%; қайнау температурасы 200–370°С орташа дистиллятта ~43-44 масс.%; қайнау температурасы 370°C-тан жоғары термокрекинг шикізаты ~15-16 масс.%). Түзілген кокс тәрізді өнімдер мен шикізаттың құрамындағы ванадий (V) мен никель (Ni) тақтатастың минералды бөлігінде жиналып, процес барысында түзілгн сұйық өнімдермен бірге реакциялық аймақтан шығарылды.



Тұтқырлығы жоғары мұнай кен-орындарындағы қабаттардың мұнай бергіштігін арттырудың тиімді әдістері: циклдық гель-полимерлік суландыру технологиялары мен ASP-әсер ету
Аннотация
Ұсынылған жұмыс Солтүстік Бозашы мұнай-газ аймағындағы тұтқырлығы жоғары мұнайды Юра мен Бор қабаттары шөгінділерінен алуды жоғарылату мақсатында физика-химиялық әдістерін пайдалану арқылы (беткі-белсен- ді заттардың қатысуымен су басу және циклдік гель-полимерлік суландыру) мұнай алу коэффициентін ұлғайтуға арналған технологиялар саласына жатады.
Бұл мақалада тұтқырлығы жоғары мұнайы бар коллекторда жүргізілген циклды гель-полимерлік суландыру технологиясын Солтүстік Бозашы кен-орнында тәжірибелік-өнеркәсіптік сынау нәтижелері келтіріліп (қабат жағдай- ындағы тұтқырлығы 300 мПа•с жоғары), осы әдісті пайдалану барысында алынған нәтижелер аталған технологияны қолдану шекарасын кеңейту болып табылады. Бұл жұмысты жүргізу барысында гидродинамикалық модельдеу, математикалық талдау әдістері қолданылды. Енгізілген композициялардың жұмыстық көлемін есептеу үшін жарықтар мен «суперколлекторлардың» қажетті параметрлері трассерлік зерттеулердің көмегімен бағаланды.



Терригенді шөгінді тау жыныстарында тұтқырлығы жоғары мұнайдың темір (ii, iii) тотығымен әрекеттесу акватермолизі
Аннотация
Қазіргі таңда мұнай өндіруді, атап айтқанда, су буын пайдалану арқылы жылу беруді арттырудың қолданыстағы әдістерінің тиімділігін арттыру ерекше маңызды және өзекті болып табылады. Дәстүрлі емес көмірсутектер кен-орындарында, атап айтқанда тұтқырлығы жоғары және битумды мұнайды игеру сатысында катализді қолдану осы мәселені шешуге мүмкіндік береді.Бұл жұмыс Ашальчинск кен-орнының ауыр мұнайы қасиеттерінің каталитикалық акватермолиз процесіне байланысты өзгеруіне байланысты зерттеулерге арналған. Мұнай үлгілері 24 сағат бойы 200 және 250 °C температурамен жоғары қысымды реакторда бу-жылу әсеріне ұшыраған құмтас сығындыларынан жасалды. Каталитикалық композиция ретінде сутегі донорымен қоса наноөлшемді темір оксиді (II, III) қолданылды. SARA-analysis нәтижелері бойынша 200°C температурада темір оксиді өзінің каталитикалық қасиеттерін өзгертпейтіні анықталып, ауыр мұнайдың компоненттік құрамының айтарлықтай жақсаруы байқалмаған. Шайырлар мен асфальтендердің ыдырауы тек 250°C температурада термокаталитикалық өңдеуден кейін байқалды. Бұл процесс мұнайдың жеңіл көмірсутектермен байытылуына әкеледі және ол ГХ-МС деректерімен расталды. Мұның бәрі ауыр мұнайдың тұтқырлығының каталитикалық емес процеспен салыстырғанда 1140 сП-дан 37 сП-ға дейін айтарлықтай төмендеуін қамтамасыз етті, ал 250°C температурада термокаталитикалық әсер нәтижесінде құмтаста адсорбцияланған кокс тәрізді заттардың пайда болуы ТГ-ДСК нәтижелері бойынша анықталды.



Қаламқас қен орнында бір уақытта жеке айдау технологиясын енгізу тиімділігін талдау
Аннотация
Мақалада өндірістік-тәжірибелік сынақтардың нәтижелері мен «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының Қаламқас кен орнында бір уақытта-бөліп айдау технологиясын енгізудің технологиялық бағасы талданған. Бір мезгілде-бөлек функционалдық міндеттерінің технологиясы үшін қолданыла тын жабдықтардың техникалық жағдайларына қойылатын шарттар мен талаптар қарастырылды.
Бір мезгілде-бөлек айдау технологиясын іске асырудың маңызды сәті болып екі қабатқа бір уақытта айдау арнайы жабдықтың көмегімен бір ұңғымадан жүзеге асырылады, және оның негізгі элементі пакер болып табылады.Қабаттарды бір-бірінен бөліп және олардың әрқайсысын көрсетілген технологиялық режиміне сәйкес пайдалануға мүмкіндік береді.



Триас шөгінділерінде карбонат тау жыныстарының өткізгіштігін сандық критерийлермен бағалау
Аннотация
Бұл жұмыста өндірістік геофизикалық деректерді түсіндіру мен бұрғылау Жұмыстары үшін маңызды Оңтүстік Маңғышлақтың триас шөгінділерінің Карбонатты жыныстарының сүзу-сыйымдылық қасиеттерінің шекті мән Дерін анықтау қарастырылған.
Литологиялық құрамы бойынша триас шөгінділері өндірістік мәні бар қоймалардың екі түрімен – терригенді және карбонатты түрінде қалыптасқан. Карбонат қоймалары орта триастың вулкан-доломит және вулкан-әктас қабаттарында орналасқан. Бұл жыныстарға коллектордың күрделі түрі тән: кеуекті-жарықшақ, кеуекті-қуысты және жарышақты. Жоғарғы триас шөгінділері орта триас шөгінділері кешен үстімен эрозия бойымен жүреді және ауыспалы туфас, сазды-құмды және сазды жыныстардан құралған. Полимик тикалық құмтастар әр түрлі дәрежеде мұнаймен қаныққан, және оларда мұнай шөгінділері кездеседі.
Коллектордың сандық критерийлерін негіздеу үшін тау жыныстарына өткізілген арнайы зертханалық зерттеу кезінде алынған нәтижелер қолданылды. Реактивтер көмегімен мұнайды айдау кезінде физикалық және гидродинамикалық сипаттамалары анықталған фильтрациялық зерттеулер жүргізілді. Алынған параметрлер «коллектор-коллектор емес» корреляциясын құру үшін пайдаланылды. Кеуектілігі мен өткізгіштігі судың қалдық құрамының параме трімен, сондай-ақ динамикалық кеуектілік пен ашық кеуектілік арасындағы тәуелділіктерді қолдана отырып, сүзу-сыйымдылық қасиеттерінің шекті мәндері анықталды.


